• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 22:42:36
Алматы
+12°

28 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Лицензиясы тоқтатылған  5 университетті білеміз бе?

Балаңызды оқуға түсірерде оқу орнының деңгейіне бір қарасаңыз артық емес.

Осы уақытқа дейін Білім және ғылым министрлігі еліміздегі 5 жоғары оқу орнының жұмысы тоқтатылғаны туралы жұртшылықты хабардар еткені белгілі. Алайда қандай жоғары оқу орындары, ол туралы ашық айтылған жоқ.

Сонымен, ол қандай университеттер?

  1. Шымкенттегі аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет;
  2. Павлодар Еуразия инновациялық университеті;
  3. «Алматы» университеті;
  4. Өскемен Қазақстан- Америкалық еркін университеті;
  5. Ақтөбе халықаралық қазақ-орыс университеті.

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері айтып өткендей, кең ауқымды тексеру нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарында көптеген заң бұзушылықтар орын алған. Осыған байланысты олардың лицензиялары бір айға тоқтатылған. Жалпы министрліктің баспасөз қызметі атап өткендей, еліміздегі 13 жоғары оқу орны кең түрде тексерілген. Олардың ішінде олқылықтарды орнына келтірмегені үшін, қайта тексеру барысында жоғары аттары аталған бес университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды. Одан басқа 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынды, олардың ішінде бір университетке қатысты іс сотқа жіберілді.

Шын мәнінде қазіргі уақытта Қазақстанда жеке меншік жоғары оқу орындары өте көп. Сондай-ақ педагогтар даярлайтын оқу орындары да көбейіп кетті. Бір ғана мысал, елімізде мұғалімдер даярлайтын 85 жоғары оқу орындары бар екен. Тіпті кейбір оқу орындары мұғалімдік мамандыққа 100 студент қабылдаса, бітірер кезде олардың саны 800-ге жеткен дерек де ұшырасқан. Сондықтан  министр Аймағамбетов мұғалімдер дайындайтын оқу орнының санын 85-тен 25-ке дейін қысқартуды көздеп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір