28 Қараша, 2019 NEWS
Мәжілістің жалпы отырысында "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, – деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл заң жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына қатысты алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Сондықтан екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты толықтырып, педагогтың барлық талаптарына сай келетін сапалы құжат қабылдаймыз деп сенім білдіремін", – деп мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті.
Еске салсақ, жаңа заң жобасы 4 бағытты қамтиды.
Бірінші – ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту болса, екінші – мұғалім қызметіне қоятын талаптарды күшейту. Ал үшінші – материалдық емес тетіктер және төртінші – материалдық ынталандыру.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір