• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:56:24
Алматы
+12°

Бірыңғай азаматтарды қабылдау күні аясында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарды қабылдады. Бұл шара Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Жолдауы аясында мемлекет пен халықтың арасында ашық диалог орнату мақсатында республика көлемінде өткізілді.

Маңызы зор шараға Маңғыстау облысындағы барлық деңгейдегі әкімдер мен мемлекеттік қызметкерлер азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындармен кездесті. Негізгі мақсат – халықпен ашық байланыс орнатып, келіп –түскен өтініш, сұрақтарына жауап беру және жергілікті атқарушы органның өкілдері азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелердің оң шешімін табуға өз үлесін қосуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, қабылдау шарасы туралы алдын ала халыққа хабарланды. Яғни 15-16 қараша күндері байланыс желісі ашылып, соның негізінде тізім әзірленген болатын. Сол желі арқылы хабарласып, тізімге жазылған азаматтар бүгін өздерін мазалаған мәселелерін ортаға салып, толғандырған сұрақтарын жеткізді. 1111

Қабылдауға келген тұрғындар денсаулық саласы, жұмысқа орналасу, баспанаға қол жеткізу, сондай-ақ әртүрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Қазіргі таңда облыс бойынша әкімдіктердің қабылдауына 317 адам тіркелсе, облыс әкімінің жеке қабылдауына жүзге жуық адам жазылған. 1111

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір