• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 08:01:51
Алматы
+12°

Бүгін, 3 желтоқсанда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың өкімімен Жамбыл облысының орталғы Тараз қаласына Айтқазы Қарабалаев әкім болып тағайындалды. Бұл өкімге Қазақстан президенті әкімшілігі мен Тараз қаласының мәслихаты келісімін берген. 

1966 жылы туған Айтқазы Қарабалаев бұл лауазымға тағайындаларға дейін "ҚазТрансГаз Аймақ" Түркістан облыстық өндірістік филиалының директоры болды. Қарабалаев әр жылдары Жамбыл облысындағы Жуалы және Талас аудандарында әкім болған. Ол Тараз қаласы әкімінің орынбасары, Жамбыл облыстық жергілікті бюджеттерге алымдар және жекелеген салық төлемдерін жинау агенттігінің директоры, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің директоры, Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметтерін де атқарған. 

Бұған дейін Тараз қаласының әкімі болған Қайрат Досаев Қазақастан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы мектептердің бірінде орын алған оқушының зорлану оқиғасына байланысты 21 қарашада Тараз қаласының әкімі лауазымынан босатылған болатын.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір