• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:52:48
Алматы
+12°

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы 20 желтоқсанда өтпек. 

2019 жылдың 9 маусымында президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев "халықтың жағдайы нашарлап кеткен соң наразылық көбейгенін, саяси өзгеріс болмаса, елдің жағдайы жақсармайтынын" айтқан. Нарызылық көбейген соң Тоқаев билік пен халықтың арасында диалог орнататын қоғамдық сенім кеңесі құрылатынын мәлімдеген. Ал 12 маусымында Тоқаев өзінің кеңес құру туралы ұстанымына қоғамның кейбір топтары қарсы болғанына қарамастан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы жарлыққа қол қойды. 

17 шілдеде Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамын  бекітті. Тоқаев бекіткен тізімде депутаттар, заңгерлер, қоғам қайраткерлерінен құралған барлығы 44 адам бар.

6 қыркүйекте ел астанасы Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтті. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір