• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 19:40:26
Алматы
+12°

11 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Әнұрансыз жарыс. Ресей боксшылары олимпиадаға барудан бас тартты

Біліксіз басшылардың кінәсінен неге спортшылар зардап шегуі тиіс?!.

qamshy.kz

«Егер бәсекеде  жеңімпаз атанған жағдайда, Ресейдің ұлттық туы желбіреп, Әнұраны орындалмайтын болса, онда боксшылар  жарысқа қатысудан бас тартады». Бұл туралы Ресей бокс федерациясының бас хатшысы  Умар Кремлев мәлім етті.

Ескертей кетейік, дүйсенбі күні Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігінің атқарушы комитеті (WADA) Ресей атлеттерін ірі халықаралық жарысқа қатыстырудан бас тартқаны белгілі. Атқарушы комитеттің ұйғарымына орай олмипиадалық, параолимпиадалық және әлем чемпионаттарына тек қана допингтен ада Ресей спортшылары бара алады. Егер олар қатысқан жағдайда Ресей туы көтеріліп, жеңімпаздың құрметіне орыстың әнұраны ойналмайды. Сонымен қатар, алдағы төрт жылда Ресей жерінде ешқандай  ірі халықаралық жарыстар өткізілмейді.

–Осыған байланысты қазір біздің спорт саласына қатысты атқарушы билік қарсы талап арызды түсіруді жоспарлап отыр. Әлі де болса, біз мәселенің дұрыс шешілуін қолдаймыз және ол үшін күресеміз.. Бірақ ұлттық тусыз және Әнұрансыз жарысқа қатыса алмаймыз. Онсыз бәсекеге қатысудың еш мәні жоқ,–деп мәлімдеді Ресей бокс федерациясының бас хатшысы  Умар Кремлев.

Ескерте кететін бір жайт, Ресей бокс федерациясы 2020 жылы Челябинскіде Еуропа чемпионатын және Әлем кубогын өткізу жөнінде өтініш жолдағаны белгілі. Бірақ бұл өтініш қабылдана ма, жоқ па, ол жағы әлі беймәлім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір