12 Желтоқсан, 2019 Әлем
Зеленскийдің «приколы» Путинның қитығына тиді (видео)
Ресейдің ТНТ арнасы "Слуга народа" ("Халық қызметшісі") сериалының алғашқы эпизодынан Президент Владимир Путин жайлы қалжыңды алып тастады.
SLUGA NARODA
Бұл туралы «Qamshy.kz» ақпарат агентігі британдық BBC телеарнасының Орыс қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ең қызығы – бұл сериалда басты кейіпкерді биыл көктемде Украина Президенті болып сайланған актер Владимир Зеленский сомдаған болатын. Сонымен бірге, 9 желтоқсанда Владимир Путин мен Владимир Зеленский Парижде алғаш рет кездескеннен кейін Ресей арналарынан "Слуга народа" сериалын көрсететіні жайлы хабар тараған. Алайда, аталған сериалдың толық нұсқасы Путин мен оның айналасындағыларға жақпаған болуы керек, кино туындыдағы белгілі эпизод эфирге «жарамай» қалған.
Жарамай қалатын да жөні бар. Сюжет желісі бойынша, Зеленский сомдаған кейіпкер - Украина президенті Голобородько қымбат сағат пен костюм сатып алу үшін дүкенге келеді. Оның көмекшісі оған "Владимир Путин швейцариялық Hublot (бұл сөзді көмекшісі "хубло" деп айтады – ред.) сағатын тағады" деп айтады. Ал Голобородько болса "Путин - хубло ма?" деп сұрайды. Көмекшісі "Иә" деп жауап береді.
Айта кетейік, «Норманд төрттігі» отырысында Германия мен Францияның басшыларына рахмет айтқан Ресей президенті, Зеленскиге өкпелі баладай еш емеурін танытпаған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір