15 Желтоқсан, 2019 NEWS
sputnik.kz
Айтыс жүргізушісі әрі ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман басқаратын "Айтыс ақындары мен жыршы- ермешілердің халықаралық одағы" қоғамдық бірлестігі 16-17 желтоқсан күндері Оралда өтетін жылдың қорытынды айтысына ("Алтын домбыра" айтысы) қатысатын ақындардың тізімін жариялады.
Айтыскерлер одағының хабарлауынша, "Алтын домбыра" айтысына биыл 20 ақын қатысқалы отыр. Олар жыл басынан бері өткен 13 айтыста жинаған ұпайлары арқылы іріктелген.
Сонымен Оралдағы қорытынды айтысқа Талғат Мықи, Дидар Қами, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Айбек Қалиев, Қанат Мырзахан, Шалқарбай Ізбасаров, Жансая Мусина, Серік Құсанбаев, Бауыржан Ширмединұлы, Аспанбек Шұғатаев, Жандарбек Бұлғақов, Хазірет Бердіхан, Шұғайып Сезімхан, Б.Асқаров, Әсем Ережеқызы, Өміржан Көпбосынов, Біржан Байтуов, Аруна Керімбек, Жұлдызай Маратбекова сынды ақындар қатысады.
"Алтын домбыра" айтысына қатысуға ұпайлары жетсе де, Еркебұлан Қайназар, Мақсат Ақанов, Бекарыс Шойбеков, Төлеген Жаманов, Мейірбек Сұлтанхан сынды ақындар әртүрлі себептермен айтысқа қатыспайтынын мәлімдеген. Ал Қытайдағы қазақ ақыны Е.Аманқожа құжататы дұрыс болмағандықтан "Алтын домбыра" айтысына қатыса алмайды.
Айтыскерлер одағы әлеуметтік желілер арқылы "Алтын домбыра айтысына неге қатыстырылмайды?" деп көпшіліктің сұранысын тудырған Ринат Заитов пен Болатбек Оразбаевқа қатысты да мәлімдеме жасады. Одақтың хабарлауынша, Ринат Заитов 2019 жылы тек бір ғана айтысқа қатысқан, ал Болатбек Оразбаев мүлдем қатыспаған. Аталған екі ақын сондықтан да қорытынды айтысқа қатыстырылмайды.
"Алтын домбыра" айтысы биыл сегізінші рет өткелі отыр. Бұған дейінгі жылдың қорытынды айтыстарында Мұхтар Низов пен Жандарбек Бұлғақов екі реттен бас жүлде алса, Аспанбек Шұғатаев, Балғынбек Имашев, Жансая Мусина сынды ақындыр бір реттен жылдың қорытынды айтысында жеңімпаз атанған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір