16 Желтоқсан, 2019 NEWS
Республика алаңында митинг өткізушілер
Республика алаңында Oyan, Qazaqstan ұйымы митинг өткізді.
Алаңға жиналғандар ұмытылмас «1986, 2011», «Ұмытылмас, қайталанбас, кешірілмес», «Парламенттік республика», «Жастарға орын беріңдер», «Нан ұрсын, біз экстремист емеспіз», «Авторитаризмнен көктемге қарай» деген ұрандар жазылған плакаттармен шықты.
Белсенділер биліктің Жаңаөзен оқиғасында азаматтарды атқанын, Қазақстанда бірде-бір әділ сайлаудың өтпегенін, Назарбаев режимінің авторитарлық екенін айтты.
Алаңға шыққандардың дені жастар. Олар 30 жылдық авторитарлық режимнен шаршағанын, режимді өзгерткілері келетін мәлім етті.
Белсенділерге Алматы әкімдігінің өкілдері тарауын айтқанда жиналғандар «Оян, Қазақстан» деп айқайлап, әкімдік өкілінің даусын естіртпеді. Бірақ көп ұзамай акцияларын тоқтатты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір