• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:33:08
Алматы
+12°

Алматы облысы Ақсу аудандық сотында қытай елінің жұмысшыларын соққыға жықты деп айыпталған Қызылағаштың бес тұрғынына қатысты кезекті сот отырысы кейінге қалдырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Алайда, қамалғандарды қолдауға келген 500-ге жуық адам сот отырысының бүгін өтуін талап етуде. Олардың наразылығын тудырған тағы бір жайт, іс барысында қазақстандық полиция қызметкері "Қытайларды қазақтар соққыға жықты" деп Қызылағаштың 5 тұрғынына қарсы куәгер болғаны. 

Жәбірленуші куәгердің сөзінше, ол сол жердегі азаматтарды құтқармақ болған. 

– Мен қорғағым келді. Оқиғаның өршіп кетуіне жол бермедім. Барлығын қорғадым,  –  деді куәгер. 

Еске сала кетсек, биыл 8 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылағаш ауылының тұрғындары қытай азаматтарын соққыға жыққаны туралы хабарланған болатын. Оған себеп, "Citic Construction" компаниясында жұмыс істейтін қазақ-қытай жұмысшылары арасындағы қақтығыс-тын. Қытайлық жұмысшылардың арызы бойынша Қызылағаш ауылының тұрғындары Берікбол Рысалдинов, ағайынды Бейбіт және Нұрбол Мұхметалин, Еркін мен Сарқыт Салхановтар ұсталған. Олар қасақана дене жарақатын келтіргені үшін айыпталуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір