25 Желтоқсан, 2019 NEWS
24.kz
Бүгін, 25 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Марғұлан Баймұхан елдің сыртқы істер министрінің орынбасары, Әркен Өтенов сыртқы істер министрлігің хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.
Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасары етіп тағайындаған Баймұхан 2017 жылдан бері Қазақстанның Польшадағы елшісі болды. Ал сыртқы істер минстрлігінің хатшылығына тағайындалған Өтенов президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған.
Бұған дейін сырты істер министрінің орынбасары қызметін атқарған Роман Василенконы Тоқаевтың 21 желтоқсандағы жарлығымен Қазақстанның Словакиядағы елшілігіне, ал осы министрліктің жауапты хатшысы қызметін атқарған Нұрлан Сейтманов Қазақстанның Эстониядағы елшілігіне басшы болып тағайындалған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір