• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:22:05
Алматы
+12°

Бүгін, 25 желтоқсанда Алматы облысы Ақсу аудандық сотында "Қытай жұмысшыларымен төбелесті" деп айыпталған Қызылағаш ауылының бес тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі хабарлады. 

Оның хабарлауынша, сот Берік Рысалдинов пен Сарқыт Салхановты 2 жыл 6 айға, ал Нұрбол Мұхаметалин, Бейбіт Мұхаметалин және Еркін Салхановтың бас бостандығы 2 жылға шектеу туралы үкім еткен.

Кеше Қызылағаш ауылының бес тұрғынына қатысты сот отырысы бүгін сағат 15.00-де өтетіні хабарланған. Алайда сот ресми мәлімдеместен 5 жігіттің сотын бүгін түске дейін өткізіп, оларды шартты мерзімге кесіп, бостандыққа шығарған. Ақсу аудандық соты ғимаратының алдында бес жігіттің қолдаушылары соттың жабық жағдайда өткеніне, отырыс уақытының ауыстырылғанына, оны ешкімге хабарламағанына наразылықтарын білдірді.

Биыл 7 қазанда Алматы облысы Ақсу ауданында жол салып жатқан "Citic Construction" компаниясындағы Қытайдың төрт жұмысшысы арасында жанжал басталып, кейін төбелеске ұласқан. Төбелестен Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсаты бар Қытай азаматы – этникалық қазақ жарақаттанған.  Келесі күні Қызылағаш ауылының бес тұрғыны мен қытайлық жұмысшылар арасында төбелес болған. Полиция осы іске күдікті ретінде Қызылағаш ауылының бес тұрғынын қамауға алды. 10 қазан күні судья Қызылағаш ауылының бес азаматын екі айға қамау туралы шешім шығар еді. 

Қытайлық азаматтармен төбелесті делініп, Қылмыстық кодекстің 293 бабы 3-тармағы бойынша (Қару немесе суық қару қолданып денсаулыққа зиян келтіру)  бабы бойынша айыпталған Қызылағаш ауылының бес тұрғынына қатысты сот отырысы 20 желтоқсанда басталған болатын. Судья ол күні жәбірленуші тарап - қытай жұмысшыларының сотқа келмеуіне байланысты сот отырысын 24 желтоқсанға қалдырды. Ал кеше, 24 желтоқсанда өткен екінші сот отырсында жәбірленуші тараптың келмеуіне байланысты сот тағы да кейінге шегерілген. Оған наразы болған айыпталушылардың жақтастары сот ғимаратының сыртында қызылағаштық бес жігіт отырған газельді жібермей, оларды босатуды талап еткен еді. Арнайы жасақ наразы адамдарды таратуға тырысқанымен, "Бостандық!" деп айқайлаған жұрт көліктің жүруіне мүкіндік берген жоқ. Осы кезде аудандық прокурордың орынбасары Әділет Асқарұлы келіп, "айыпталушылардың процессуалдық келісімге келіп жатқанын, ол келісім біткен соң бес жігіт сот залынан босатылатын" айтты. Наразы халық содан кейін ғана тарады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қызылағаш бес жігіт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір