• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:59:02
Алматы
+12°

Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткен «Tuńǵyshtar kezeńi» жастар форумында Жастар жылы қорытындыланды. Форум барысында іс-шара қатысушыларына Алматы қаласы жастар ұйымдарының әлеуметтік жобалары ұсынылды.

а

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров өз сөзінде: «Алматы – жастар қаласы. Бүгінгі таңда мегополисте 700 мыңға жуық жас өмір сүруде. Яғни әрбір үшінші тұрғын – жас адам. Олардың 233 мыңы студент. Жастар 39 жоғары оқу орындары мен 80 колледжде сапалы біліммен қамтылуда. Ал сапалы білім – болашақ кепілі. Достар, біздің еліміздің болашағы – тікелей сіздердің білімдеріңізге, патриотизмдеріңізбен қажырлықтарыңызға байланысты», – деп атап өтті.

Қала әкімдігі жастарды қолдау және дамыту жұмыстарына үлкен назар аударуда. Сапалы және қолжетімді білім, жұмыс, баспана және жас отбасыларға қолдау сияқты сауалдар шешімін табуда. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы аясында жұмыс істейтін жастарға 249 жалдамалы тұрғын үй пәтерінің кілті табысталды.

Сондай-ақ, осы уақытқа дейін жолға қойылған қалалық «Алматы жастары» бағдарламасы  өз жалғасын табады. 2020 жылы жұмысшы жастар қосымша тағы 1000 пәтермен қамтылатын болады.

а

Жастарды жұмыспен қамту жөнінде де нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 29 жасқа дейінгі жастардың 14 966-сы жұмыспен қамтылды (12019 – тұрақты жұмыс орнына, 1140 адам – жастар іс-тәжірибесіне, 450 адам – әлеуметтік жұмыс орнына, 1357 адам – қоғамдық жұмысқа). Қысқа курс оқуларына 664 адам жіберілді.

«Бастау бизнес» бағдарламасының «Жас кәсіпкер» жобасы аясында Алматы қаласында бірінші, екінші және үшінші лекте NEET санатындағы 18-29 жас аралығындағы 2650 жас оқытылды. Жоба қаланың 8 ауданын қамтыды, онда 34 оқу сыныбы жұмыс істейді. Бұл жоба жастарға Кәсіпкерлік істің негіздерін меңгеруге, өз орнын табуға, өз бизнесін ашуға, жарты миллион теңге (200 АЕК) көлемінде грант түрінде бастапқы капитал алуға, сондай-ақ әрбір қатысушыға 16 759 теңге көлемінде бір жолғы стипендия алуға мүмкіндік берді.

Жастар үшін Алматы колледждерінде бірінші жұмыс мамандығын меңгеруге жақсы мүмкіндік беріледі. Бұл үшін қалада жыл сайын колледждерде тегін оқу үшін 11 мыңнан астам орын бөлінеді. Жұмыс мамандықтары бойынша студенттер тегін ыстық тамақпен және стипендиямен қамтамасыз етіледі.

«Алматының болашағы – бұл кәсіпқойлар, ғалымдар, басқарушылар, бизнесмендер және басқа да көптеген жаңа буын Алматы. Дәл сіз, жастар – қаланың баға жетпес адами капиталы», – деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.

Алматы жастары мен еріктілері ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Нұр-Сұлтан қаласында жастармен кездесу барысында көтерілген волонтерлік жөніндегі бастамасын қолдады. Алматыда «Сабақтастық», «Саулық», «Таза әлем», «Асыл Мұра», «Қамқор», «Білім», «Үміт» бағыттары бойынша жұмыс топтары анықталды.

Форум барысында қаланың белсенді жастары әр түрлі қызмет салалары бойынша марапатталды. Олардың ішінде жас кәсіпкерлер, ғалымдар, режиссерлер, актерлер, суретшілер, ЖОО оқытушылары, жастар қозғалысының көшбасшылары бар.

а

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жастар жылы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір