• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:11:22
Алматы
+12°

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты қаза болғандардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Бұл туралы ол өзінің Тwitter-дегі парақшасында жазды.

"Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Сіздермен бірге дұғадамыз. Зардап шеккендередің барлығына тез сауығып кетулерін және күш-қуат тілеймін", – деп жазды Головкин.

Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Ресми орындардың дерегін негізге алған бірқатар БАҚ бастапқыда 15 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Кейінірек премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеді. Олардың арасында экипаж командирі Марат Мұратов та бар.

Осы апатқа байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір