• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 17:30:39
Алматы
+12°

Алматы облысының Қаскелең қаласында көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан 11 жасар бала қаза тапты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар коммитеті мәлімдеді. 

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Төле би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ең үстіңгі қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, қабырғалас тұрған бірнеше пәтерге нұқсан келген.

"7 адам, соның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 2009 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған үйдің тұрғындарын өртке қарсы қызмет қауіпсіз жерге көшіріп, Қаскелең әкімдігі уақытша тұру орнын ұйымдастырды. Жарылыс себебі анықталып жатыр" - делінген ведомство таратқан хабарламада. 



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қаскелең жарылыс газ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір