10 Қаңтар, 2020 NEWS
Instagram желісінен
Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Esentai mall" сауда орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат пайда болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сауда орталығының келушілері дереу эвакуцияланып, ақпараттың рас-өтірігі тексерілуде.
Таралған ақпаратта "сауда орталығындағы фаст-фуд мейрамханаларының біріне бомба қойылған" делінген. Осыған байланысты аталмыш мейрамхана орналасқан барлық орталыққа тексеріс жүргізілуде.
Полиция сонымен бірге адамдарды эвакуациялау үшін қажетті шаралар қабылданғанын және барлық жедел әрекет ету қызметтері тартылғанын айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір