• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:31:07
Алматы
+12°

Youtube желесінде Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың облыстағы Қазалы ауданына барған сапарында полицейлердің жолды жауып, көшеде кептеліс болып жатқан видеосы жарияланды.

Қаңтардың 9-ы күні жарияланған видеода автор полицейден жолды не себепті бөгеп тұрғанын сұрайды.  Ал полиция қызметкерлері өздерінің аты-жөнін айтудан бас тартып, облыс әкімі келе жатқандықтан көше жабулы тұрғанын түсіндіреді. Осы кезде жол жабылғандықтан кептеліс болып жатқанына налыған видео авторы "Облыс әкімі мына жердегі қай халықтан үлкен?! Мен білетін облыс әкімі халық үшін қызмет ететін - мемлекеттік қызметкер. Неге халықтың жолын жабады ол?!" деп нарзылығын білдірді. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір