• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:12:23
Алматы
+35°

Қазақстанның ұлттық экономика миинстрлігіне қарасты статистика комитеті 2019 жылғы Қазақстандағы ең танымал есімдерді жариялады.

Комитеттің мәліметінше, 2019 жылы сәбилерге Әлихан мен Раяна есімдері жиі қойылған.

Ұлдар арасында Әлихан есімі 3 816 балаға берілген. Одан бөлек, Айсұлтан (3033) және Нұрислам (2304) есімдері соңғы 4 жылдан бері ең танымал есімдер қатарынан түспей келеді. Әмір (2227), Әлинұр (2130), Рамазан (1999), Әли (1915), Ислам (1634), Алдияр (1601), Санжар (1588) есімдері де өткен жылы жиі қойылған.

Қыздар арасында Раяна (5 151), Медина (4 924) және Айзере (3 908) есімдері көш бастап тұр. Сонымен бірге, Айша (3 823), Аяла (3 607), Асылым (3 285), Айару (3 014), Әмина (2 915) және Кәусар (2 309) есімдері де көптеп қойылған.

 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір