22 Қаңтар, 2020 NEWS
Ашықдереккөз
Қарағанды облысының полициясы Жезқазғандағы Қазақмыс корпорациясының кәсіпорнында болған жағдай туралы айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып.
Полицияның мәліметіне сәйкес, сейсенбі, 21 қаңтар күні кешкі сағат 18:20-да "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС бас директоры Амангелді Мініғұлов пен "Кәсіп қорған" кәсіподағының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов арасында жанжал шыққан. Тәжбенов Мініғұловтың арқасына пышақ сұғып алған. Сондай-ақ, араша түскен "Қазақмыс" корпорациясының маманы Сабыржан Тембаевтың да кеуде тұсынан жарақат салған.
Куәгерлердің айтуынша, бұдан соң Тәжбенов оқиға орнында өз-өзіне қол жұмсаған. Мініғұлов пен Тембаев ауруханаға түсті. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір