• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:25:47
Алматы
+12°

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаевның күзетшілері оған ұлы Айсұлтан Рахат ( кеше ғана журналистерге сұхбат беріп, "маған қауіп төніп тұр" деп мәлімдеген) туралы сұрақ қоймақшы болған Азаттық Радиосының журналисіне бөгет болды.

Азаттық Радиосының жазуынша, бүгін, 23 қаңтарда сенат отырысынан кейін олардың журналисі Әсемгүл Мұхатқызы Дариға Назарбаевадан "ұлына төнген қауіп" туралы сұрамақ болған. Алайда сенат спикерін әдеттегідей екі күзетші емес, кемі алты күзетші қоршап, журналисті оған жолатпаған. Бір күзетші Азаттық тілшісінің аузын жауып, сұрақ қоюына кедергі келтірген. 

Кеше Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат қазақстандық журналистерге берген сұхбатында өзінің туған әкесі Рахат Әлиев емес, Нұрсұлтан Назарбаев екенін, ал шешесі Дариға Назарбаевдан өзіне қауіп төніп тұрғанын айтқан. Назарбаевтар отбасы Айсұлтанның айтқандарына қатысты ешқандай ресми ақпарат берген жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір