• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 09:09:29
+12°

23 Қаңтар, 2020 NEWS

Жеті жыл бас бостандығын шектеу: қыз алып қашқан төрт жігітке сот үкімі шықты

Достарына қалыңдық алып қашамыз деп бастары дауға қалған төрт жігітке қатысты сот шешімі шықты. Қыз алып қашушылардың жеті жылға бас бостандығы шектелді.

Фото: Вечерний Бишкек

Оқиға 2019 жылдың мамыр айында болған. Сарқан ауданының 22 жастағы тұрғыны үйлену мақсатында өзінің ескі танысын алып қашуды жоспарлаған. Алып қашу операциясына ауылдас достарын шақырған. Барлығы қалыңдықтың келісімімен іске асатынына сенімді достары жаңа шаңырақтың құрылуына бірауыздан келіседі.

Дегенмен Сарқан қаласынан қалыңдықты алып қашу барысында қыз бен үйленуші жігіттің арасында ешқандай сөз байласудың жоқ екені белгілі болады. Шаңырақ көтеруге асыққан достарының қалыңдығын жеткізіп беріп, достары өз үйлеріне кетеді. Еркінен тыс әкелген қалыңдықты жергілікті учаскелік полиция инспекторы құтқарып, үйіне аман-есен жеткізген.

- Сарқан ауданының полициясына еркінен тыс адам ұрлау дерегі бойынша хабар түсті. Айтқан уәждерін тыңдамаған жігіттердің жібермейтінін түсінген қалыңдық амалын тауып, ішкі істер органдарына хабар береді. Зардап шегуші тарапынан полицияға арыз түсті. Дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабына сәйкес іс қозғалып, қылмыстың мән-жайы анықталды, - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сарқан ауданының соты сүйіктісін алып қашқан әрекеті сәтсіз шыққан 22 жастағы тұрғын мен оның заңсыз әрекетіне қолдау берген үш досын қылмыс жасағандығы үшін кінәлі деп танып, жеті жыл бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сот шешімі заңды күшіне енді.

 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір