• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:35:13
+12°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы әуежайына бұрын бортында вирус жұқтырған жолаушы отырған ұшақтың қонуына байланысты пікір білдірді. 


"Бұл рейстен хабарымыз бар. Онда вирус жұқтырған жолаушының болғаны туралы ақпарат жоқ. Халықаралық алгоритм бойынша ұшақ біздің әуежайға қонды және біздің бақылауымызда болды. Одан кейін ұшақ санитарлық қонуға жіберілді. Онда жанармай толтырылды, бұл ұшақтың бірде-бір экипаж мүшесі немесе жолаушысы Қазақстан аумағына кірген жоқ" деді  Бекшин "Фармация" алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бекшиннің айтуынша, ұшақ люктері жабылып, дезинфекция жүргізілген.

"Бірақ бұл шамадан тыс шаралар болды. Егер ұшақ 12 мың метр биіктікте ұшса, мұндай төмен температураға ешқандай вирус төтеп бере алмайды. Біздің азаматтармен еш байланысымыз болмады, бортқа ешкім көтерілген жоқ" деді ол.

Бұған дейін Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Алматы әуежайына "Станбұл – Ухань – Станбул" бағыты бойынша ұшып бара жатқан ұшақ аялдап, жанармай толтырғаны хабарлаған. Әкімдік хабарламасында бұрын ол ұшақтың бортында Қытайда таралып жатқан коронавирус жұқтырған жолаушы отырғаны айтылған еді.  



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір