27 Қаңтар, 2020 Барлық аймақтар
BAIGENEWS
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай биыл өтуі тиіс 800-ден астам форум мен семинардың қысқарғанын айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпараттың дерегін негізге алып.
Дәурен Абаев министрліктің кеңейтілген алқа отырысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді.
"Біз Абайдың 175 жылдығын, ел Тәуелсіздігі күнін атап өтеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған форумдардың ішкі мазмұны жайында айтқан болатын. Ал бұл басқа мәселе. Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы аясында түрлі мерзімдері бар ұсыныстарды жинақтап жатырмыз. Сіздер алдын ала жұмыстарды байқамайсыздар. Бұл жоспар қазіргі уақытта 89-90 тармақтан тұрады, ал бастапқыда 900 тармақ болатын. Біз 800-ден астам түрлі іс-шараны алып тастадық. Бұл жұмыстардың барлығын жүргіздік, форумдар мен семинарлар айтарлықтай қысқарды", – деді министр.
Сондай-ақ, министр ақпан айында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған тұжырымдама мен іс-шараларды бекіту жоспарланып отырғанын атап айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір