27 Қаңтар, 2020 NEWS
Anadolu
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Түркияның шығысындағы жер сілкінісінен қайтыс болған әйел мен оның ұлының жаназасына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Anadolu сайтының дерегін негізге алып.
"Президент Режеп Ердоған сенбіде шығыс Елазиг провинциясындағы жер сілкінісі құрбандарының жерлеу рәсіміне қатысты", - делінген хабарламада.
Жұма күні кешке 6,8 баллдық жер сілкінісінен кем дегенде 22 адам қайтыс болып, 1200-ден астам адам жарақат алды.
Ердоған билік зардап шеккендерді құтқарып, инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін тез арада әрекет ететініне уәде берді.
"Біз жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда ешкімді көмексіз қалдырмаймыз", деді Ердоған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір