• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 05:13:35
Алматы
+12°

Кеше, 28 қаңтарда әуе апатына ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы Міржан Молдақұлов қайтыс болды. Бұл туралы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Олардың мәліметінше, ұшқыш 21 қаңтар күні №4 қалалық клиникалық ауруханадан тұрақты жағдайда үйіне шығарылғанын.


"Ол ауруханада емделу кезінде кардиолог, хирург, терапевт, психологтардың қарауында болды. 28 қаңтар сағат 18.00-де науқас жағдайының күрт нашарланғаны туралы қоңырау түсті. Жедел жәрдем дер кезінде жетті. Жүрек қызметін қалпына келтіру үшін барлық реанимациялық шаралар жасалды, бірақ бәрі сәтсіз аяқталды" делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.


Бұған дейін 5 қаңтарда ұшқыш есін жиып, реанимациядан мамандандырылған бөлімге ауыстырылғаны туралы хабарланған.


27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы таңғы уақытта Алматы әуежайының маңында құлған еді. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың арасында лайнердің бас ұшқышы Марат Мұратбаев та бар.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұшқыш Bek Air

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір