• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:11:39
Алматы
+12°

Қазақстанның бұрынғы президенті, Қаіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы Elbasy.kz сайты хабарлады. 

Сайттың жазуынша, кездесу барысында Назарбаевқа елдегі сот жүйесін реформалау және ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпараттар айтылды. Ал Назарбаев Донақовқа судьялар білімді, адал болуы керек екенін айтты. 

– Жоғары сот кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет, – деді бұрынғы президент.

Ал Донақов Назарбаевқа судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

– Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оған судьялармен бірге заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандар, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілі мол, – деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір