29 Қаңтар, 2020 NEWS
zakon.kz
Бұған дейін білім беруді дамыту туралы екі бағдарлама да орындалмады. Сауатсыздықтың белең алуы мен жалпы білім сапасының төмендеуін тоқтататын дағдарысқа қарсы шаралар дереу әзірленуі қажет. Бұл туралы мәжілістегі халық коммунистері фракциясының мүшелері үкімет басшысына депутаттық сауал жолдау барысында мәлім етті, деп жазды zakon.kz.
– Соңғы рейтингтің көрсеткіштеріне назар аударсақ, білім саласы айтарлықтай төмен нәтиже көрсетуде. Математика бойынша Қазақстан 78 елдің ішінде 54-орында, жаратылыстану және оқу сауаттылығынан 69-орында. Ақпараттық, компьютерлік (ICILS) және ересектердің сауаттылығы (PIAAC) бойынша ең төменгі деңгейдеміз, – деді депутат Айқын Қоңыров.
Оның сөзінше, Қазақстанда адам капиталы дамудың орнына кері кетіп жатыр.
– Ауылдық жерлерде де, өндірісте де жас мамандарды даярлау деңгейінің төмендеуі – ең өткір проблема. Адам капиталының экономиканың тұрақтылығына қосатын үлесі оразан зор. Қазақстан 2019 жылы жаһандық инновациялар индексінде 79-орынға ие болды. 2018 жылмен салыстырғанда 5 позициядан айырылған, – деді Қоңыров.
Коммунистердің пікірінше, осы арқылы мемлекеттің өзі дарынды жастардың шетелге кетуін ынталандырып отыр.
Көптеген ата-аналар білім беру жүйесінің деградация дәрежесін түсініп, балаларын Қазақстаннан тыс мемлекеттерге жібереді.
– Біз өзімізді ойлаймыз деп ел болашағына алаңдамаймыз, ұрпағымыз үшін басты құндылық – білім беру мәдениетін жоюға мүмкіндік береміз, – деп атап өтті депутат.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір