04 Ақпан, 2020 NEWS
inbusiness.kz
Біртұтас кеден аумағына байланысты Қазақстанның Ресеймен экономикалық шекарасы жоқ. Сондықтан үкіметте елден жанармай экспортын бақылауға мүмкіндік жоқ.
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы газ бағасының тұрақталмау себебін түсіндірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz - ке сілтеме жасап.
"Бензин үшін бағаны төмендетуге тырыссақ, бензиннің өзі жоғалады. Шекараны сақтау қиынға соғады, өйткені көрші елдерде газ бағасы жоғары болғаннан кейін, газды бізден сорып алады. Бізге бұндай тәуекелге барудың қажеті жоқ" деді Сұлтанов.
Ол сонымен қатар, елдің кедендік аумаққа байланысты Ресеймен экономикалық шекарасы жоқ екенін, сондықтан үкімет шетелге бензин экспортын бақыламайтынын еске салды.
Бізде Ресеймен экономикалық шекара жоқ. Бір кедендік аумақ болғандықтан бағаға бақылау жасай алмаймыз, деді министр
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір