• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:26:13
Алматы
+35°

04 Ақпан, 2020 NEWS

"Ол менің Отаным – Қазақстан": Димаш Құдайберген ресейліктердің ұсынысына жауап берді

«Евровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысамын. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын»

Фото: sputniknews.kz

Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Осы ретте, ол оқырмандарына халықаралық аренада өзіне мейлі қандай да бір ұсыныс айтылса да тек қана Қазақстан атынан шығатынын жеткізді.

«Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол менің Отаным - Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!», - дейді Димаш Құдайберген.

Әншінің әлеуметтік желі арқылы бұлай арнайы пікір білдіруіне ресейлік сайтта жарияланған кезекті бір мақала себеп болғандай. Айталық, онда: "Қазақстан әншісі Димаш Құдайберген Ресей атынан "Евровидение-2020" байқауына қатысқалы жатыр" деген сыңайда дақпырт тараған болатын. 

Алайда, әнші бұл ақпараттын бәрін теріске шығарып, өзінің келесі концерттеріне қызу дайындықта екенін жеткізген. 

"концерт" демекші, осыған дейін Димаштың алдағы үш айда Еуропаның 11 қаласында жеке концерт беретіні айтылған.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір