• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:53:56
Алматы
+12°

07 Ақпан, 2020 Саясат

"Басқа еш жауапқа тартылып жатқан жоқ": Қастер мен Мұрагерге тағы да айып тағылуы мүмкін

Қашып келген қазақтардың экстремистік іс-әрекетке қатысы бар болған жағдайда, билік оларды ҚХР-ға қайтарып береді.

Фото: youtube.com

Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазТАГ  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков ҚазТАГ тілшісіне берген жауабында олардың осы уақытқа дейін шекараны заңсыз бұзып өткені үшін сотталғанын, басқа еш жауапқа тартылмағанын жеткізген:

"Егер олардың экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар болып шықса, сөз жоқ, біз мәселені халықаралық заң мен конвенцияға  сәйкес, заңмен бекітілген тәртіп аясында шешеміз. Егер олардың қылмыстық іске қатысы расталмаса, мәселе басқаша қаралады. Шекараны бұзып келген екі қазақ (Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлы – ред.) шекараны заңсыз бұзып өткені үшін ғана сотталды емес пе? Басқа еш жауапқа тартылып жатқан жоқ",  – деген Нұрғали Білісбеков.

Иә, ҰҚК өкілі дәлме-дәл "Халықаралық заң мен конвенцияға сәйкес" дейді. Халықаралық заң түсінікті деңіз, ал конвенция деген не десеңіз, оны да түсіндіре кетейік.

ҰҚК төрағасының орынбасары тілге тиек еткен конвенция 1951 жылы Женевада қабылданған, Қазақстанда 1998 жылы ратификацияланған. Яғни, босқын мәртебесі жөніндегі халықаралық конвенцияға назар аударсаңыз, өміріне қауіп төнген кез келген азаматқа еш қиындықсыз босқын статусы берілуі тиіс. 

"Босқын мәртебесі" демекші, жоғарыдағы адам құқықтары жөніндегі халықаралық қағидаға сай, босқын мәртебесі берілуі тиіс Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлы осы уақытқа дейіп сотталып үлгерген еді. Нақтырақ айтқанда, 21 қаңтарда саяси тарихи отанынан пана іздеп, Қытайдан қашып өткен Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлына Шығыс Қазақстан облысында үкім шығарылып, бір жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.

Осылайша, "шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айыппен ұстаған ҰҚК енді олардың экстремистік іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғын анықтауы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір