• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 04:07:23
Алматы
+12°

Кеше әлеуметтік желіде Жамбыл облысы Қордай ауданында дүнген ұлтының азаматтары "80 жастағы қазақ қария мен оның екі баласын арматурамен, балғамен ұрып, басын жарғаны" туралы ақпарат тараған. Кейін дүнгендердің полиция қызметкерлеріне сес көрсетіп, төбелескен видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейін бұл жайт жаппай төбелеске ұласқан.

Бүгін Қордайдағы жағдайға байланысты президент Тоқаев шұғыл жиын өткізіп, қақтығыс кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты. ІІМ төрағасы Ерлан Тұрғымбаев қақтығыс кезінде 8 адамның қаза тапқанын 2 полицейдің жарақат алғанын мәлімдеді. 

Аталмыш оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қордайдағы қақтығысқа байланысты дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы, Асыл арна телеарнасының бас директоры  Мұхамеджан Тазабек және дінтанушы Кеңшілік Тышқан пікір білдірді. 

Қайрат Жолдыбайұлы: 

Қазақ жігіттерінің кешегі әрекетін түсінуге болады. Іштегі қорланған намыс сыртқа шықты. Дүнген жастарының бұзақылығы барып тұрған басынушылық. Сондықтан кінәлілір заң алдында ең қатал жазаға кесілуі керек. Ақсақалдары кешірім сұрапты. Тек кешірім сұраумен шектелмей жастарын қазақ халқын сыйлауды, шаңыраққа қарауды әр отбасы, ошақ қасында кішкентайларынан үйретулері қажет.
Кешегі жағдайдан барлық диаспоралар сабақ алып, осы бағытта тәрбиелік жұмыс жасаулары қажет. Биліктен кешегі жағдайға қатысқан қазақ жастарын жауапқа тартпауын талап етеміз.
Бірақ жастар мәселені ары қарай шиеленістірмей, бұдан әрі заңсыздыққа бармаулары қажет. Заң жұмыс істесін. Кінәлілер анықталып, қатаң жауапқа тартылсын. Әлемнің түкпір-түкпірінде қазақ диаспоралары бар. Алда-жалда сондағы бірлі-екілі жастарымыз бұзақылық жасаған жағдайда, бүкіл қазақ диаспрасын қырғынға ұшыратса, қандай әділетсіздік болар еді. Осымен тоқтайық. Абай айтпақшы "әрбір жақсы нәрсенің өлшеуі бар. Өлшеуі асса, боғы шығады". Құранда "Жазықсыз адамды өлтіру бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей" - делінген.

Мұхамеджан Тазабек

Туған жерім Жамбыл облысы, Қордайға қарасты "Масаншы" ауылында болған дүрбелең кешеден бері тынышымызды алып, тынысымызды тарылтып отыр. Жан-жақтан түрлі видеолар келіп, жанымызды қуырғандай, қанымызды қоздырғандай әсер етіп болды. Қазақпыз ғой, "қазақтың ақсақалын сабапты" дегенде намысымыз ойнап шыға келгені рас. "Түннің кесірі бар" демей ме қазақ, бұл лап етпе ашу түндегі видеолардың әсері екенін таң ағараң бере байыппен ұғып отырмын. Қазіргі мәліметке сүйенсем, адам шығыны бар екен. Ұлтаралық қақтығысқа да ұқсайды. Біз өзі отыз жылдан бермен аялап келген тәуелсіздігіміздің бір ұстыны да осы қазақ пен өзге диаспоралардың татулығы еді ғой. Демек, бұл біздің жанды жеріміз. Дүнген бола ма, басқа бола ма, олар осы елдің иесі қазақ екенін ұмытпағандары абзал. Ал біз - қазақ, осы Ұлы Даланың мұрагері ретінде айналамызда топтасқан ұсақ ұлттардан шыққан кей тентекті тезге салуда шектен шықпасақ екен деймін. Қызды-қыздымен қиратпайық, күшейген болып күйретіп алмайық деймін. Әсіресе ақпарат таратқанда абай болайық. Осы жерде айта кетейін, "бұлармен қоса басқаларға да көкесін көрсету керек" дегендердің кеу-кеуіне келіспеймін. Біз елміз, мемлекетпіз. Заңымыз бар. Бұл заңға қайшы. Сосын "жаман ұлт болмайды, жаман адам болуы мүмкін" демей ме. Ендеше, нәсілі мұсылман дүнген ұлтының ішіндегі ізгілері де арандап, тасқын ашудың көшкінінде қалмаса екен. Біз қазақ өзі ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз ғой әуелден. Тигенді тыйып қалу, соқтыққанды сойып салудан кенде емеспіз. Ал басты қасиетіміздің бірі - кез келген жағдайда байыппен саралап барып, сақтықпен іс қылу. Ел бір, Отан жалғыз. Иесі қазақ. Жеріміздің тұтастығы мен қауіпсіздігі әуелі қазақтың қамы.
Осы тұста мемлекеттік күштік құрылымдар да кінәліні тауып, лайықты жазасын береді деп сенемін. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да мәселені лайықты түрде шешу үшін ситуацияны дереу қолға алды. Комиссия құрылды. Әр сөзіміз бен ісімізге есеп бере қадам басуымыз керек. Әуелі арандап қалмайық, сосын сан соғып отырмайық.
Ал бұл қайғылы жағдай енді қайталанбасын, қазақтың да, басқа ұлттардың да қаны төгілмесін деп Алладан риясыз пейілмен сұраймын.
Тілегім - татулық, батам - бірлік.

Кеңшілік Тышханұлы:

Алғыс бұлай айтылмайды! Немесе бұлар алғыс айтпайды. Бір ел-бір тіл деген пікірді айтушыларды қолдаймын! Аттарын түгел қазақша жаздырып, қазақ мектептерінде оқыту керек! Масаншыдағы мешітте уағыз дұңғанша (қытайша) айтылады. Ешкімнің шамасы келмейді! Үй ішінен үй тігіп алған! Өсті, көбейді. Енді құтырғаны құтырған!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір