17 Ақпан, 2020 Саясат
Министр: "15 баласы бар отбасы біреу ғана"
Қазақстанда 15 баланы ержеткізін отырған жалғыз ғана отбасы бар. Бүгінде бұл бақытты шаңырақ Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Енді оларға үкімет тарапынан 159 мың теңге жәрдемақы төленбек.
Фото: primeminister.kz
Ведимство басшысы Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, енді жеті және одан да көп отбасыларға да табысына қарамастан сараланған жәрдемақы төленбек.
Дәлірек айтқанда, сегіз баласы бар отбасылар , 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңге жәрдемақы қарастырылған.
– Біз осы дұрыс болады деп санаймыз. Өйткені, 11-12 баласы бар ата-аналар келіп, жеті бала үшін ғана берілетін жәрдемақы алып отырғандарын айтты. Мәжіліс тарапынан заң жобасы бар, Үкімет оған қорытынды берді, жақын арада Парламент қабылдайды. Сол заң жобасының ішінде бұл норманы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қабылдауды, яғни, қайта есептеу жүріп, сегіз және одан да көп баласы бар отбасылар 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы жәрдемақыны ала бастауын ақылдастық. Яғни, қайта есептеу болады, – деді министр.
Сонымен бірге, ол Қазақстанда жеті баладан көп баласы бар отбасылар саны шамамен 2500-ға жуықтайтынын айта келіп:
– Ал, 15 баласы бар отбасы біреу ғана, ол Қазақстанның солтүстігінде тұратын отбасы, – деді.
Оқи отырыңыз: "Он бес балаға – 159 мың": Нұрымбетов жәрдемақы тағы өсетіні туралы айтты
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір