• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 07:39:47
Алматы
+12°

Қазақстан дүнгендері қауымдастығының басшысы Қордайда болған оқиғалар бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Хусей Дауровтың Facebook парақшасындағы жазбасын дерек ете отырып.

Ол өз мәлімдемесінде әуелі "Кінәсі жоқ бейбіт адамдарды не үшін өлтірді?", "Құқықтық мемлекет болып саналатын қазіргі Қазақстанда ондай мүмкін бе?", "Шынымен де, бұны ұлы Абай, Шоқан Уәлиханов, Қожа Ахмет Яссауи, Абылай хан, Қасым хан, Төле би мен Қазыбек бидің ұрпақтары жасады ма?" деген сынды бір қыдыру сұрақтарға жауап іздей келіп:

"Бұл халық кезінде Таяу Шығыс пен Кавказдан депортацияланған мыңдаған этносты бауырына басқан. Жоқ!!! Мұны істеген қазақтар емес! Мұны ксенофобия мен ұлтшылдық ұрандарына салынған қылмыскерлер мен қарақшылар, оңай олжаға көз алартқан тонаушылар, біздегі ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың қарсыластары жасады. Оларға түрлі-түсті төңкерістер технологиясымен шетелдің эмиссарлары басшылық етті. Ал қазақтар бізді құтқарды!" деп жазды Дауров. 

"Құтқарды" демекші, ол дүңгендерді қазақтар аман алып қалды деген көзқарасын да өз мысалдарымен дәлелдеп көрген.

"Қуаныш деген фермер өз үйінде дүнгендердің бірнеше отбасын жасырды. Айнұр, Азамат пен Соня деген дәрігерлер де тура солай істеп, балалары бар бірнеше отбасыны құтқарды. Егде жастағы бір әйел екі жігітті аман алып қалды да, өз үйінде шай берді. Ондай фактілер көп" дейді Дауров.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір