• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:29:40
Алматы
+35°

"BI Group" құрылыс компаниясы пәтер сатып алғандардың арасында жыл сайынғы ұтыс ойындарын ойнатқан. Оған екі мыңнан астам адам қатысып, бас жүлдені Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму вице-министрінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов ұтып алды.

– Біз жеңеміз деп ойлаған жоқпыз. Содан холға шығып кеткенбіз. Енді қарасақ, экранда біздің билетіміздің нөмірін көрсетіп тұр. Бәріміз таңғалдық, пәтер ұтқанымызға сенген жоқпыз. Біз бұрын да ұтысқа қатысқанбыз. Биыл жолымыз болды, – дейді Оспанқұлов.

Ғабидолла Абдоллаұлы Оспанқұлов 1981 жылы туған. Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық заң университеті мен Қазақ-Ресей университетінде білім алған "Болашақ" бағдарламасымен Ұлыбританияның "Бирмингем" университетінде оқыды.

2013-2017 жылдары білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетін басқарды. Жастар саясаты департаментінің директоры қызметін атқарды. Дін және азаматтық қоғам істері министрлігінде жұмыс істеді.

2017 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Одан кейін Nur Otan партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды.

Ол өткен жылдың соңында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың орынбасары қызметіне тағайындалған. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір