19 Ақпан, 2020 NEWS
Фото : 2gis.kz
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарымен өткен есептік кездесуде әуежай маңындағы жерлерді қала меншігіне қайтару жұмыстары туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
– Бұған дейін "Казкоммерцбанк" кепілге берген 383 гектар жер күрделі несиелер қорына берілген еді. Енді бұл жер қала әкімдігіне қайтарылады. Біз бұл туралы елбасына өтініш жазған болатынбыз. Үкімет бізді қолдады. Ал жаңа жылға дейін 383 гектар жер қайтарылды. Ендігі 185 гектар жер қалды. Бұл әуежай аумағына тиесілі. Осы мәселе бойынша қазір үкіметпен келіссөз жүргізіп жатырмыз,– деді мегаполис әкімі.
Сонымен қатар қала әкімі Алматы әуежайы маңындағы жер учаскелерін заңсыз беру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.
– Талғар аудандық әкімдігінің лауазымды тұлғалары 2015-2019 жылы қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланып, әуежайдың санитарлық қорғау аймағындағы жеке қосалқы учаскелері, соның ішінде тұрғын-үй салуға жер бергені үшін заңсыз шешімдер қабылдағаны анықталды, – деді қала әкімі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір