• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:50:21
Алматы
+12°

Қордайдағы орын алған тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен ақсақал үйіне шығарылды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады.

Қордайдағы орын алған жағдайдан кейін Алматы қаласындағы ауруханаға түскен ақсақал үйге шығарылды. Қазір ол өз үйінде жергілікті дәрігерлердің бақылауында. 

Сондай-ақ Жамбыл облысындағы ауруханаларда емделіп жатқан үш науқас бар. Олардың бірі Қордай ауданындағы орталық ауруханада дәрігерлердің қарауында. Оның жағдайы жақсы. Ал екі науқас Тараз қалалық көпсалалы ауруханасында, олардың да жағдайы қанағаттанарлықтай.

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаппай орын алған тәртіпсіздіктер 8 ақпанға қараған түні болды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 11 адам қаза тауып, 185 адам жарақат алды. Сонымен қатар 39 үй, 20 сауда орталығы және 47 көлік өртенді. 

Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қазір Қордайдағы жағдай тұрақты, құқық қорғау жұмыстары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: қордайдағы қақтығыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір