• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 10:46:51
Алматы
+12°

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Woman in business» кәсіпкерлік форумында әйелдерді бизнеспен айналысуға шақырды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат дерегін негізге алып. 

"Өздеріңіз білесіздер елімізде жиналатын салық түсімінің 25%-ы Алматыдан түседі. Шағын және орта кәсіпкерліктің 60%-ы осында. Сондықтан ШОБ (шағын және орта бизнес - ред.) субьектілерін қолдауға жұмыс жасаймыз. «ӘКК» АҚ шеңберінде арнайы қаржылық ұйымдар құрылды. Қаражат бөлдік. Былтыр бұған 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 30 млрд теңге бөлінеді. ШОБ субьектілеріне несие 2-7%-бен берілмек", - деді ол.

Ең қызығы, бұл пайыздық өлшем Алматы қаласын "жоғарғы жақ" және "төменгі жақ" деп қақ бөледі. 

"Егер сіздің кәсібіңіз төменгі Алматы жақта болса, сізге пайыздық мөлшерлеме 2%, ал жоғарғы жағында болса пайыздық мөлшерлеме 7 % болмақ», - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Шаһар басшысы бұдан әрі «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Іскер ана» жобасы іске қосылғанын айта келіп:

«Әр ауданда белсенді әйелдер бар. Солардың мүмкіндігін ашу үшін біз осы бағдарламаны қостық. Оларға грант бөліп, құрал-жабдық алып беріп жатырмыз. 1 мыңнан астам ана көмек алды. Оларды оқытып, заң тұрғысынан көмек беріп жатырмыз», - деді.

Осы ретте, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кәсіпкер әйелдерді құрылыс және өнеркәсіп саласына шақырды. Оның айтуынша, қазір әйелдердің көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, сауда саласында жүр. Ал мемлекеттік қолдау көбінесе құрылыс саласына беріледі.

«Менің ойымша, әйелдер құрылыс саласына да керек. Әйелдер тек бизнес басқарушы ғана емес, бизнес иесі болса екен дейміз. Ең бастысы әйелде үш нәрсе: білім, жеке баспанасы, депозитінде қаржысы болса болды», - деді Ләззат Ибрагимова.

Дәл осы тұста Бақытжан Сағынтаев Ләззат Ибрагимова айтқан "үштікті" толықтырып: «Және жақсы күйеу керек», - деп әзілдеді әкім.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір