• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 20:52:26
Алматы
+12°

Алматыда қоғам белсенсі Бесжан Төлеубек жалғыз адамдық пикет өткізді. Ол қолына қазақ ойшылы, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының  "Жуаны қылады зорлық, момынның көргені қорлық. Теп-тегіс қулық пен ұрлық, ал енді қайтіп ел болдық?" деген  сөздері жазылған плакат ұстап шықты.

Қоғам белсендісі 32-бапты алға тартып, заңды құғығы негізінде билікпен диалог жасағысы келетінін мәлім етті.

– Қазақстан азаматтары алаңдарға, пикеттерге, бейбіт жиындарға шығуға құқығы бар. Мен осы құқығымды ата заңымды ескеріп осы алаңда қорғап жатқан жайым бар. Қазіргі таңда бір ғана Алматының өзінде 13 қоғам белсендісін қамауда ұстап отыр. Ең арты 5 тәулік, 10 тәулік көптеген азаматтар 15 тәулікке қамалып кетті. Мен соған наразымын. Билікке бізді олай баса алмайтындарыңызды айтқым келеді. Біз шындықты, керітартпа заңдарды, қоғамдағы мәселені айтып жатырмыз. Бір ауызбен айтқанда біз құқығымызды қорғап жатырмыз. Билік бізпен диалогқа келсін, – дейді белсенді.

 

 
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жалғыз адамдық пикет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір