20 Ақпан, 2020 NEWS
Фото: astanauniver.kz
Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметі дерегін негізге ала отырып хабарлайды.
Ресми мәлімет бойынша, бұндай шешімге «Астана» университетінің Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тексеру жұмыстарына кедергі жасап, қажетті құжаттарды ұсынбауы себеп болған.
"Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде кедергі жасау фактісі бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабының 1-тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті материалдар соттың қарауына жіберілді", - делінген министрліктің баспасөз қызметі хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір