20 Ақпан, 2020 NEWS
Сурет: ІІМ
Әскери бөлімнен қаруланып қашқан азаматты ұстау операциясы аяқталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің арнайы жедел тобы қару-жарақтарды ұрлап, әскери бөлімді рұқсатсыз тастап кеткен 1995 жылғы Балғынбай Абылай Бағдатұлын ұстады.
Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 291-бабы, қару ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Кіші сержант сол күні кезекшілікте болуы керек еді. Алайда қару-жарақтарды ұрлап, бөлімді қараусыз қалдырып, қашып кеткен.
Қару сақтайтын қоймада қарудың жетіспеушілігі анықталған. Мәлім болған ақпараттардан кейін жоғалған қару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір