21 Ақпан, 2020 NEWS
Рүстем Дәулет
Қазақстан президенті әкімшілігі және Қордай аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Жамбыл облысы Қордай ауданына әкім болып Рүстем Дәулет тағайындалды. Бұл ақпаратты 21 ақпанда Жамбыл облысы әкімдігі хабарлады.
Әкімдіктің хабарлауынша, аудан активіне жаңа әкімді Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев таныстырды.
45 жастағы Рүстем Дәулет бұған дейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының жетекшісі қызметін атқарған. Жамбыл облысында туған ол екі жыл Жамбыл, екі жыл Шу ауданында әкім болған. Бір жыл Тараз қаласын басқарған.
Қордай ауданын 2017 жылдан бері басқарған Болатбек Байтөле 8 ақпанда аудандағы бірнеше ауылда этникалық қазақтар мен дүнгендер арасында болған жанжалдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қызметінен босатылған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір