26 Ақпан, 2020 NEWS
Ашық дереккөз
Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, бүгіннен бастап осы істі арнайы прокурорлар тергейтін болды.
– Қазіргі кезде қылмыстық іс арнайы прокурорлар басқармасының өндірісінде. Олар бас прокуратураға қарайды, – деді Әділов журналистерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, Ағаділдің туыстары сот-медициналық сараптамаға тағы екі маман қатыссын деген өтініш жасаған. Оларға рұқсат берілді. Ал сот-медициналық сараптаманың толық қорытындысы заң бойынша 25-30 күнде жасалады. Департамент басшысы қоғам белсендісі қалай ұсталғанын да айтып берді.
– Шұғыл іздестіру шараларын Ақмола облыстық департаменті қызметкерлері атқарды. Дулат Ағаділ сағат 20:37-де ұсталған болатын. Одан кейін біздің қызметкерлеріміз оны емханаға апарды. Сол жерде ол дене жарақатының бар-жоғын анықтайтын тексерістен өтті. Сосын наркология орталығына барды. Мамандар Ағаділдің орташа деңгейде мас болғанын анықтады. Ағаділдің өзі ешқандай қарсылық көрсеткен жоқ, – деп атап көрсетті Әділов.
Дулат Ағаділмен бірге тергеу изоляторында отырған төрт адамнан жауап алынды. Әділовтің айтуынша, олар жалпыға ортақ қылмыстар үшін қамауға алынған болатын. Алайда департамент басшысы нақты қандай қылмыс екенін айтқан жоқ.
– Олардан жауап алынды. Сол мәліметтер де Дулат Ағаділге қатысты ешқандай зорлық-зомбылықтың жасалмағанын растап отыр, – дейді Әділов.
♦ Ағаділдің адвокаты: Маған оның мастығын растайтын құжатты көрсеткен жоқ
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір