• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:23:59
Алматы
+12°

Павлодарда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қарындасы Гүлфаз Аубанованы ұрлау  ісі бойынша сот отырысы өтті. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. 

Павлодар облысындағы сот Асхат Тезекбаев пен Игорь Миловановты "адам ұрлау",  "қылмыс әрекеті" және "бопсалау" баптары бойынша айыптады. 

Айыпталушылардың бірі – ЖШС директоры, екіншісі – оның қызметкері. 

Тергеушілердің мәліметіне сүйенсек, олар Даниал Ахметовтің қарындасын бопсалау үшін ұрламақ болған.

Бұл іс бойынша сот қаңтар айында басталды. Сонымен қатар сот ісі прокурордың жаңа айыптау актін дайындауға біраз уақыт қажет болғаны үшін, 5 наурызға шегерілді.

2019  жылдың 20 қыркүйегінде қылмыскерлер Даниал Ахметовтің қарындасы Гүлфаз Аубанованы ұрлауға тырысқан. Оқиға Павлодарда болды. Олар әйелді күштеп көлікке отырғызуға мәжбүрлеген. Алайда ол оқиға орнынан қашып үлгерген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: адам ұрлау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір