• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:09:56
Алматы
+35°

Шетелдік БАҚ-та танымал актер Джеки Чанның коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат пайда болды. Украиналық сайттың дерегіне сүйенсек, Джеки Чан көңіл көтеру кештерінің бірінде вирус жұқтырған. 

21 ақпанда ресторандардың бірінде көңіл көтерген 59 полицей карантинге жабылды. Олардың арасындағы 48 жастағы полиция қызметкері коронавирус жұқтырғаны расталған. Бұл ақпаратты Гонконг полиция басқармасы да растап отыр. Бұдан бөлек денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 4 полицейге короновирустың белгісі пайда болған.

Кейін бұл ресторанда полиция қызметкерлерімен бірге танымал актер Джеки Чан да болды деген ақпарат тараған. 

Тіпті әлеуметтік желіде "Джеки Чан карантинге жабылған полицейлердің қасында болды" деген жалған видео да тараған. Видеода полиция қызметкерлері Джеки Чан туралы сөйлеседі. 

Кейін танымал актердің Коулундағы "Yau Yat Chuen Garden City" клубында болғаны белгілі болды. Бұл туралы Today Online басылымы хабарлады. 

птчп

Басылымның дерегіне сүйенсек, бұл жалған ақпарат актердің беделін түсіру үшін әдейі жасалған. 

Еске салсақ, Джеки Чан коронавирусқа қарсы дәрі ойлап тапқан адамға 1 млн юан беруге дайын екенін айтқан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір