28 Ақпан, 2020 NEWS
azattyq-ruhy.kz
Бүгін Сенатта «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері» жөніндегі парламенттік тыңдау өтіп, жоғары палата спикері Дариға Назарбаева «аграрлық сектордағы жалпы ішкі өнімнің үлесі 10 жыл ішінде 5% асқан жоқ, ал соңғы жылдары тұрақты түрде төмендеп келеді» деп сын айтты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Аzattyq-ruhy.kz дерегін негізге алып хабарлайды.
Сенат төрағасының пікірінше «Қазақстанның ет одағы» бірлестігінің төрағасы, ауыл шаруашылығын басқарған экс-министр Асылжан Мамытбеков жауап берді. Ол ауыл шаруашылығы саласында проблема бар, бірақ өсімді де жоққа шығаруға болмайды.
– Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы саласы тоқырауға ұшырағаны жайлы айтылды. Бұл салада проблема жоқ дей алмаймын. Мәселе өте көп, бірақ саладағы өсім мен динамиканы жоққа шығару дұрыс емес, –деді экс-министр.
Асылжан Мамытбеков 2019 жылдың көрсеткіштері әлі нақтыланбағандықтан, 2010-2018 жылдардағы ел экономикасының негізгі салалары бойынша нақты өсім бойынша бірқатар дәлел келтірді.
- Өнеркәсіп саласы - 224,8 % (қайта өңдеу бойынша ауыл шаруашылығы саласының да үлесі бар);
- Құрылыс саласы - 198,7 %;
- Көлік саласы - 168,2 %
- Ауыл шаруашылығы - 245,5 %;
2010 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 1,822 трлн теңгені құраған. Ал, 2018 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4,474 трлн теңгеге жеткен. Өсім 245,5%-ды көрсеткен және бұл жоғарыда аталған ел экономикасының негізгі салаларының барлығынан көп.
– Ауыл шаруашылығы секторындағы ЖІӨ үлесі бойынша Африканың Гвинея-Бисау (62%), Сомали (65%), Либерия(76,9 %) сияқты кедей елдері көш бастап тұр. Ал, жетекші аграрлық державаларда аграрлық сектордағы жалпы ішкі өнімнің үлесі 2% шамасында. АҚШ-та - 1,2%, Германияда - 0,9%, Нидерландта -1,7%. Бұл елдердегі көрсеткіш біздегіден де төмен. Сондықтан саладағы ЖІӨ үлесі ауыл шаруашылығын дамытудағы басты көрсеткіш емес, – деп айтты экс-министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір