• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 10:02:50
Алматы
+12°

Сирияның Идлиб аймағында болған әуе соққысының салдарынан Түркия қарулы күштерінің 33 жауынгері қаза тапты. Бұл жайында Түркияның Хатай аймағындағы үкімет өкілдері мәлімдеді, деп жазады dw.com.

Осыдан кейін Түркия Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоған қауіпсіздік мәселелері бойынша төтенше жиналыс өткізді. Артынша Сирия армиясының позициялары бойынша Түркия әскері соққы жасады.

Daily Sabah газетінің мәлімдемесі бойынша Түркия әскері Идлиб аймағының шығысында орналасқан Сирия әскерінің қарауыл жасағын жойып жіберген. Басылымның мәліметі бойынша, М-5 халықаралық автожолындағы әскер соққыға душар болды. Адам құқықтары бойынша сириялық мониторинг орталығының мәлімдеуінше, Түркияның қарулы күштерінің ұшқышсыз ұшатын аппараттары мен артиллериясы Сирия армиясының аймақтың оңтүстік және шығыс жақтарын соққыға алып, жиырмаға жуық Сирия әскерінің көзін жойған. Түркияның ресми өкілдерінің мәлімдемесінде Идлиб аймағымен шекаралас Түркияның Хатай аймағында Сирия тарапынан жасалған әуе соққыларынан соң 36 жауынгер жараланғаны хабарланған.

Шабуылдан соң Грекия Түркиямен шекарасындағы бақылауды күшейте бастады. Болгарияның ресми өкілдері де Түркиямен арадағы шекараны қатаң бақылауға алу үшін 1000-ға жуық әскерін шекараға жіберетінін мәлімдеді. Өйткені осы шабуылдан соң Түркия Республикасының ресми өкілдері шабуылға Ресейдің қарулы күштерінің ұшақтарының да қатысқанын келтіре отырып, бұдан былай Сириядан келетін босқындарды Еуропаға ағылуына кедергі болмайтынын жеткізді.

Ал Еуро Одақ елдерімен Түркия республикасының арасында 300 шақырымдық шекара бар. НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркия қарулы күштеріне қарсы жасалған бұл шабуылды айыптады.

Түркияның Грекия және Болгария республикалары арасындағы шекарасына босқындар ағылып келуде. Түркияда қазірдің өзінде ресми мәліметтер бойынша 3,6 млн сириялық босқын бар. Түркия халқы да босқындардан жалыққанын жасырмауда. Аймақтағы жағдай барынша шиеленісуде. Бұл Түркия-Сирия қақтығысы емес, бұл енді Түркия-Ресей қақтығысы саналатындай жағдайға жетті. Еуразияның Орта Шығыс аймағында әлемдік алпауыт елдердің мүдделері қайтадан қақтығысуы үлкен соғысқа апаруы ғажап емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір