• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:07:40
Алматы
+12°

Фото: Oyan, Qazaqstan-ның facebook парақшасынан алынды

Алматыдағы республика алаңында полиция "рұхсат етілмеген" митингіге шыққандарды ұстап жатыр.

Бүгін, яғни 1 наурыз күні Демпартия құру бойынша ынталы топ өкілдері, Республика, Oyan, Qazaqstan қозғалыстары, сондай-ақ Қазақстанда "экстремистік ұйым" деп танылған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысы  бейбіт митингіге шағытынын хабарлаған болатын.

Алматыдағы республика алаңында жүрген Қамшы тілшісі полиция қызметкерлері мен арнайы жасақ өкілдері алаңды толықтай қоршауға алғанын, қалалық әкімдік маңында мобильдік интернет мүлде ұстамай тұрғанын хабарлады.

"Республика" алаңында полиция ондаған адамды ұстады. Ұсталған белсенбілердің кейбірі "Оян, Қазақстан", Шал кет" деп ұрандатып жатыр. Кейбір азаматтардың қолында тергеу изоляторында "жүрек талмасынан қайтыс болды" делінген қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің суреттері болды. 

Полиция ұстағандардың арасында журналист, "Дат" газеттер жобасының жетекшісі Ермұрат Бапи де бар.

Нұр-Сұлтан қаласындағы митинг өтетін жер делінген орында да интернет ұстамай тұрғаны белгілі болды. Республика қозғалысының facebook-тағы парақшасында алаңда байланыс бұғатталуына байланысты хабар тарату мүмкіндігі шектеулі екені хабарланды. Артынша, белсенділер Бэлла Орынбетова, Айсұлтан Жақыпов, Мұратбек Қайыржанұлын полиция ұстап алып кеткенін мәлімдеді.

Сонымен қатар Oyan, Qazaqstan қозғалысының facebook парақшасында бірнеше белсендінің ұсталғаны туралы ақпарат шықты. Олардың қатарында Бауыржан Сәбитов, Жанель Шаханова, Олжас Шаханов, Әсем Жәпішева, Ділдә Рамазан, Айзат Әбілсеит, Тамина Оспанова, Дархан Шәріпов, Азиза Есмағамбетова, Дана Шәріпова, Ерболат Айғақ, Айна Саматова, Маржан Уәлихан, Диана Дүйсембаева, Сымбат Омарқұлова, Дина Бақраева, Эльмира Қойшыбекова, Анастасия Филиппова сынды азаматтар бар.

Бұған дейін митингіге шықпақ болған Демпартия ынталы тобының жетекшісі мен оның жақтастарына шабуыл жасалғаны хабарланған болатын. Шабуыл салдарынан Жанболат Мамайдың зайыбы Инга Иманбай ауруханаға түсті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: 1 наурыздағы митинг

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір