• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 04:48:43
Алматы
+12°

Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өтпейтін болды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 

Тоқаевтың жазуынша, бұл коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. 

"Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін" деп жазды ол.

 



"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Әйелдер күні 8 наурыз

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір