02 Наурыз, 2020 NEWS
.reuters.com
Қытайдың "Хубэй" провинциясы эпидемиямен күресу үшін алғашқы уақытша ауруханаларды жапты. Бұл туралы Reuters.com хабарлады.
Коронавирусты жұқтырған науқастар клиникадан шығарылғаннан кейін арнайы ауруханалар жұмысын толықтай тоқтатуға шешім қабылдады. Індетке қарсы 16 уақытша аурухана жұмыс жасап, 13 мың адамға ем шаралары көрсетілген болатын. Сондай-ақ, Уханьдағы уақытша ауруханалардың басшысы айдың аяғында басқа да індетке қарсы салынған ауруханаларды жабу жоспарда барын атап өтті.
Chinese speed. #Wuhan's first 1000-bed #Coronavirus hospital, or #Huoshenshan hospital, is close to completion. It will be handed over after one day of medical equipment installation. #Huoshenshan literally means “the mountain for god of fire”. pic.twitter.com/biK6snhMT8
— Lijian Zhao 赵立坚 (@zlj517) February 2, 2020
Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының хабарлауынша, Хубей провинциясында жексенбіде 196 жаңа жағдай тіркелді.
Басқа қалаларда ауруды жұқтырғандар саны да азайды. Тек 6 жаңа жағдай расталды, бұл өткен айдағы ең төменгі көрсеткіш. Жалпы көрсеткіш 80 026 адамға жетті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір