• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 02:04:08
+12°

Америка тарапының бастамасы бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі СІМ баспасөз қызметі дерегіне жүгініп.

"Тараптар екіжақты ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады", - делінген қысқа хабарламада.

Еске салай кетейік, АҚШ мемхатшысы Помпео Қазақстанға ақпан айының басында іссапармен келген болатын. Ол сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және экспрезидент  Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен. Сонымен бірге, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бірге  брифинг те өткізген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір